379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар президент сайлауына қатысуға шақырды

  • 61
  • UPD: 20:39, 11.04.2019

Қазақ агротехникалық университетінің студенттері үндеу жолдап, ел жастарын сайлауға белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар «еліміздің ертеңі үшін өз таңдауымызды жасау әрқайсымыздың азаматтық парызымыз» дейді.

Нұрбол Әшімов, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің I-курс студенті:

- Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін бұл сайлау біз үшін өте маңызды. Себебі бұл еліміздің көшбасшысын аса жауапкершілікпен таңдау арқылы біз өзіміздің келешегімізді бекемдейтінімізді айтқым келеді. Әрине, мен 9 маусым күні барып, өз дауысымды беретініме сенемін және де әрбір қазақстандықтың сайлау учаскесіне барып, өз дауысын беруі өте маңызды деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы