379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғам қайраткері: Сайлауды ұйымшылдықпен өткізу – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы сын

  • 61
  • UPD: 20:17, 11.04.2019

«Сайлауды ұйымшылдықпен өткізу – бүгінгі және келер ұрпақ алдындағы сын. Сондықтан бұған тұрғындар бей-жай қарамауы тиіс». Бұл – белгілі жазушы, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиевтің пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жабал Ерғалиев қоғам қайраткері:

- Ақмола Көкшетау өңірінің бұл сайлаудан күтіп отырған жақсылығы – елдегі тұрақтылықтың сақталуы. Бұл тұрақтылыққа біз ұзақ жолмен келдік. Елбасының ішкі-сыртқы саясаты, әсіресе Қазақстанды мекендеп отырған көп ұлттар мен көп конфессияның арасында бірлікті сақтау мәселесіне келгенде Қазақстан қазір әлемге үлгі болып отыр. Бірлігімізге, ынтымағымызға қызығып отырған, қызғанып отырған халықтың бар екенін жасырмаймыз. Сондықтан бүгінгі тұрақтылық, қол жеткізген табысымыз – біздің ең үлкен байлығымыз.

Хабар 24 телеарнасы