389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г.Әбдіқалықова Шымкентте студенттермен кездесті

  • 297
  • UPD: 20:49, 11.04.2019
Г.Әбдіқалықова Шымкентте студенттермен кездесті

Елбасының әлеуметтік бастамаларын түсіндіру үшін ел ішін аралап жүрген Үкімет тобы Шымкентте болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қаладағы бірқатар әлеуметтік және өнеркесіптік нысандардың жұмысымен танысты. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова әуелі шаһардағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне аялдады. Мұнда вице-премьерге былтыр ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысы таныстырылды. Орталық жастарға 7 бағыт бойынша 300-ге жуық қызмет түрін ұсынады. Үкімет басшысының орынбасары осында студенттермен кездесіп, жастар жылында атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын жеткізді.

Айта кетейік Шымкентте қазір 241 мың жас бар. Ал 75 жылдық тарихы бар университетте 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Мемлекеттік жоғары оқу орнында академиялық ұтқырлық жұмыстары белсенді дамып келеді. Жыл сайын 700-ден астам студент пен 300 оқытушы оқуға және тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберіледі.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Жастарымыздың қоғамдық сана-сезімін ояту, жаңашылдыққа ұмтылуға жол ашу Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды. Мақсатымыз - жастарды толеранттылық бағытында шыдамдылық пен жоғары этикалық бағытта тәрбиелеу.

Хабар 24 телеарнасы