379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 30 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын болады

  • 113
  • UPD: 20:45, 11.04.2019
Жамбыл облысында 30 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын болады

Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вице-премьер алдымен аймақтағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың шаңырағына ат басын бұрып, көмекке мұқтаж жандардың тілек-ниеттерін тыңдады. Одан кейін халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Орталық былтыр 91 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсеткен. Ал биыл төрт айда 20700 азамат мемлекеттік қызмет түрлеріне жүгінген. Ал қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына күніне 150 ден астам ата-ана келеді екен. Олар атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып жатыр. Сапар барысында Гүлшара Әбдіхалықова тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жергілікті атқамінерлерге бірқатар тапсырмалар берді.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Өңір осы көп балалы аналар қамтылған өңірлердің бірі болып саналады. Бұл жерде 45 мыңнан астам көп балалы аналар бар, соның ішінде 30 мыңдайы жаңа әлеуметтік көмекке ілігіп отыр. Соның құжаттарын көрдік, барлығы дайындалып жатыр.Жұмыс жүргізіліп жатыр, бірнеше отбасыға бардық, аз қамтылған жағдайларын көрдік, сонымен қатар қабылдау болды.

Хабар 24 телеарнасы