384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін

  • 1289
  • UPD: 20:55, 11.04.2019
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін

Атап айтқанда, көмек алу үшін өтініш берген отбасының мал-мүлкін есептеу жаңаша жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Түркістанға жасаған сапары кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жұмыспен жеке танысқан Бердібек Сапарбаев жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктеді. Соның бірі мынау. Бұған дейін көп балалы отбасылардың қорасындағы малы мен дүние-мүлкі табыс көзі ретінде есептеліп келген болса, енді олардан түсетін табыс пен шығынды есептеуде нақтылық керек. «Есік алдында өсіп тұрған жеміс ағашын табыс көзі ретінде көрсетуді тоқтату керек. Өйткені оның қаншалықты пайда әкелетіні белгісіз. Тумаған тауықтың тұқымын санау да жөнсіз, - деді министр.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Маған 1 сиыр бір тоқсанда 62 мың теңге пайда береді деп айтады. Қалай ол 62 мың теңге береді? Ол мүмкін емес қой. Себебі, 1 сиыр көп болса 10 литр сүт береді. Біздегі сиырларда ол да жоқ. Оның жартысын өздері ішіп қояды. Жартысын сата ма, сатпай ма? Қарау керек. Осыған енді біз өзгеріс енгіземіз. Егістікті де қарау керек. Одан пайда бар ма, жоқ па? Ол бойынша жергілікті биліктің толық есептеуге мүмкіндігі бар ғой. Ал тауық дегенді алып тастау керек. Өйткені ол өліп қалса қайтеді?

Хабар 24 телеарнасы