379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда қызметтік иттер марапатталды

  • 67
  • UPD: 22:16, 11.04.2019
Павлодарда қызметтік иттер марапатталды

Тәртіп сақшылары осы жануарлардың көмегімен 160-қа жуық қылмыстың бетін ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар есірткіге қатысты 35 дерек тіркеліп, кінәлілер табылды. Осыдан бес жыл бұрын ашылған кинологиялық қызметте 29 қызметтік ит бар. Неміс және бельгиялық овчарка тұқымдары иіс алып, із кесуге әбден бейімделген. Кейінде кинологтар төрт аяқты серіктерін үйретудің жаңашыл әдістерін қолданысқа енгізіпті.

Қуанышбек Қабжанов, облыстық ПД кинологиялық қызметі орталығының бастығы:

- Австриялық «Кликер» әдісі ең тиімді. Ит үйретіліп, адамның тілін ұғады. Олар біз айтқан әрекеттерді орындайды. Кинологиялық қызмет төрт жыл бұрын ашылды, сол сәтте небәрі 10 итіміз болған. Бүгінгі күнге дейін мамандарымыз бұл қызметті жан-жақты меңгерді. Нәтижелерімізбен мақтана аламыз.

Хабар 24 телеарнасы