379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облыстық төтенше жағдайлар қызметі жаңа қондырғымен толықты

  • 87
  • UPD: 23:46, 11.04.2019

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар қызметі озық қондырғымен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылжымалы жерсерік кешені ұшқышсыз аппарат арқылы 1 шақырымға дейінгі қашықтықтан бейне жазбалар түсіріп, тарата алады. Бұл оқыс оқиға болған жерден жедел ақпарат алуға және шұғыл телефон байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тағы бір артықшылығы - дербес қуат көзі арқылы 5 сағатқа дейін тоқтаусыз жұмыс істей алады. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі жаңа қондырғыны меңгеретін мамандар дайындап, сынақтан өткізген.

Хабар 24 телеарнасы