376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ІІМ «Жолда қабылдау» республикалық акциясының қорытындысын жариялады

  • 72
  • UPD: 22:28, 11.04.2019
ІІМ «Жолда қабылдау» республикалық акциясының қорытындысын жариялады

Ішкі істер министрлігі «Жолда қабылдау» республикалық акциясының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара барысында полицейлер тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Екі күн ішінде қазақстандықтардан 18 мыңға жуық өтініш түсіпті. Оның басым бөлігі айыппұлдарды төлеуге, көші-қон қызметі мен көліктерді тіркеуге байланысты. Акция кезінде полицейлердің ала таяғын қайтару, қоғамдық көлік жүргізушілеріне талапты күшейту мәселелері жиі қозғалған. Сондай-ақ тәртіп сақшыларының заңсыз әрекетіне қатысты 71 өтініш-шағым түскен екен.

Нұрділдә Ораз, ҚР ішкі Істер министрінің кеңесшісі:

- Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен елімізде «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Қалалар мен ауылдарды да қамтыған шараларға полицияның әкімшілік, көші-қон және жергілікті қызмет басшылары қатысты. 250-ге жуық мобильді топтар арнайы жабдықталған автобустарда азаматтарға кеңес берді. Аталған акция қарапайым адамдар алдын ала жазылусыз және бюрократтық кедергісіз бейресми жағдайда мәселесін шешуге емүмкіндік берді. Екі күнде 19 мыңға жуық азаматтарға далалық жерлерде кеңестер берілді. «Жолда қабылдау» акциясы тұрғындарға қажетті шара. Бүгінде қоғам полициямен тікелей байланысты қажет етеді. Сондықтан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты өткізуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы