380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зиялы қауым өкілдері: Саяси науқанның созылуы тиімсіз

  • 99
  • UPD: 23:44, 11.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы үндеуін қарағандылық зиялы қауым өкілдері де бірауыздан қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Мұндай өтпелі кезеңнің ұзаққа созылуы еліміз үшін тиімсіз. Тұрақтылықты сақтап, елді экономикалық тұрғыдан дамыту үшін сайлауды ерте өткізген жөн», - дейді ақын Серік Ақсұңқарұлы.

Серік Ақсұңқарұлы, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

- Елбасы өзінің тарихи мәлімдемесін осы жылдың 19 наурызында жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын өткізу туралы үндеу жариялады. Қазақта тоғыз деген қасиетті сан бар. Үйірімен үш тоғыз дейді. Сол үйірімен үш тоғыз болсын. Кезекті сайлауда қазақтың мәңгілік ел болуы үшін, еңселі жұрт болуы үшін, өркениетті елдердің қатарында жүруі үшін дауыс берейік. Бүгінгі мәлімдеме уақытында жасалған тарихи мәлімдеме болды.

Хабар 24 телеарнасы