384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдері сайлауға белсенді атсалыспақ

  • 516
  • UPD: 23:42, 11.04.2019

Кезектен тыс өтетін Президент сайлауына бір кісідей атсалысамыз. Отандық жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдері мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының мүшелері осылай дейді.

Еліміздің бірнеше аймағынан елордаға жиналған зауыт-фабрика басшылары, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін қолдайтындықтарын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, елдегі жеңіл өнеркәсіп нысандарының басын қосып отырған консорциумда бүгінде 56 компания тіркелген. Ал, оларда 6 жарым мыңнан астам адам еңбек етеді.

Жансейіт Түймебаев, ҚХА төрағасының орынбасары:

- Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу елдегі демократиялық институттардың әрекетін, саяси мәдениетіміз бен халықтың бірлігін көрсетеді. Экономиканың талаптарын одан әрі жүйелі жүзеге асыру үшін, сондай-ақ қоғамдық-саяси тұрақтылықты үшін бұл сайлау аса маңызды. Сондықтан оны ұзаққа созбаған абзал.

Гүлмира Уахитова, жеңіл өнеркәсіп консорциумы атқарушы кеңесінің төрайымы:

- Біз де бұл мәселені қызу талқылап жатырмыз. Консорциум мүшелері, жалпы бизнес өкілдері елдегі саяси маңызды өзгерістерден ешқашан тыс қалған емес. Жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген жандардың пікірі қазір бірауыздан шығып отыр. Барлығы да сайлауға белсенді атсалысады деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы