377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қаламқастағы» апат қоршаған ортаға 99 млн теңгеге жуық шығын әкелді

  • 106
  • UPD: 23:19, 11.04.2019
«Қаламқастағы» апат қоршаған ортаға 99 млн теңгеге жуық шығын әкелді

Қаламқас кен орнында болған апат қоршаған ортаға 99 млн теңгеге жуық шығын әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті осы оқиғаға қатысты жоспардан тыс тексерісті аяқтады. Нәтижесінде құзырлы орган 4 әкімшілік іс қозғады. Дәлірек айтқанда, зиянды заттардың ауаға таралғанын хабарламау, мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындыларында көрсетілген талаптарды орындамау, сондай-ақ жер ресустарын ластау секілді фактілер анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурыз күні Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнында өрт шығып, бірнеше күн ырық бермеген еді.

Хабар 24 телеарнасы