389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да киік атқан күдіктілер ұсталды

  • 423
  • UPD: 23:24, 11.04.2019
БҚО-да киік атқан күдіктілер ұсталды

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында 5 киікті жайратқан екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды «Охотзоопром» Өңірлік мекемесінің инспекторлары мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлескен рейд кезінде ұстады. «Нива» көлігін тоқтатып, тексергенде 10 дана киік мүйізі, аңшы мылтығы мен 81 дана оқ-дәрі табылған.

Айта кету керек, көлікте болған екі күдіктінің бірі «Охотзоопром» мекемесінің инспекторы болып шықты.

Қуаныш Әлімқұлов, «Охотзоопром» РМҚК өңірлік филиалы директорының міндетін атқарушы:

- Тоқтатылған көліктің ішінен біздің де қызметкер шықты. Осы іс бойынша қазір тергеу жүргізілуде, 337-бап бойынша. Осы материалдар Қазталов аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы