378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге импортталатын және отандық вакциналардың сапасы қалай тексеріледі?

  • 78
  • UPD: 23:32, 11.04.2019
Елімізге импортталатын және отандық вакциналардың сапасы қалай тексеріледі?

Алматыда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау орталығының мамандары бұқаралық ақпарат құралдарына елімізге импортталатын және отандық вакциналардың сапасы қалай тексерілетін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрі-дәрмектер үш деңгейлі сараптамадан өтеді. Кедендік құжаты мен халықаралық рұқсаты бар екпе осы зертханада тексеріледі. Бірінші, фармацевтикалық, одан кейін тауарлық сипаттамасы, яғни капталуы, қорабы, қолдану тәсілдері сияқты анықтамалары сарапталады. Республика аумағында қолдануға рұқсат етілген вакцинаның 58 түрі бар. Оның біреуі отандық, қалғаны Еуропа, АҚШ, Жапония, Израиль және Үндістан секілді мемлекеттерден жеткізіледі. «Одан басқа да жеті мыңға жуық дәрі-дәрмектің сапасы тексеріледі», - дейді зертхана мамандары.

Озипа Туғанбаева, орталықтың бас маманы:

- Клиникалық зерттеу ол мына қолданысқа шығарылмай тұрып зерттеуден өткізіледі. Зерттеуден өткізілгеннен кейін барып, токсикологиялық зертхана дейміз. Ол жерде жаңағы аномальді уыттылығы тексеріледі. Сол уыттылық жануарларда тексеріледі.

Хабар 24 телеарнасы