384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда интернет-дүкен арқылы сауда жасайтындардың саны 2 млн 300 мың адамға артқан

  • 731
Қазақстанда интернет-дүкен арқылы сауда жасайтындардың саны 2 млн 300 мың адамға артқан Казинформ

Былтыр электронды сауда айналымының көлемі 2017 жылмен салыстырғанда, 2 есеге ұлғайды.

Сәйкесінше, интернет арқылы сатып алушылардың саны артқан. Елде заманауи сауда-саттық қызметін қазір 2 миллион 300 мыңдай адам тұрақты түрде пайдаланады. Нарықта 1700-ден астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Одандастарымыз электронды сауданы айтарлықтай меңгеріп алған. Бірінші кезекте интернет ресурсы арқылы құрылыс материалдары сатылады. Одан соң тұрмыстық техникаларға деген сұраныс жоғары. Соңғы уақытта косметикалық заттар мен киімді де интернет арқылы алушылар көбейген.

Хабар 24 телеарнасы