379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық ғалымдар ғарышта болған долана тұқымын зерттеп жатыр

  • 82
  • UPD: 10:44, 12.04.2019

Қарағандылық биологтар ғарышта болған долана тұқымын әлі де зерттеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық ғарышкерлер күніне орай, ғылыми жұмыстың екінші кезеңі басталды. Яғни біраз уақыт суық жерде сақтаған тұқымның қатты қабығын ғалымдар арнайы сұйықтықтың көмегімен аршыды. Енді ол бүршік атып, өсуі тиіс. Ал оны топыраққа тек тамыры шыққан соң барып егеді. Жалпы әлем бойынша бұл – ғарышта болған екінші тұқым. Бұған дейін ресейлік ғалымдар да шыршаның тұқымын аспан кеңістігіне апарып, кейін жерге еккен. Нәтижесінде оның өсу жылдамдығы 40 пайызға артыпты.

Маргарита Ишмуратова, биология ғылымдарының докторы:

– Біз ғылыми зерттеу жұмысымызды физиктермен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Егер нәтижелі болса, бұл әдісті кейін басқа да өсімдіктерге пайдаланып көрмекпіз. Мақсатымыз – өнімділігін арттыру.

Хабар 24 телеарнасы