379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қала күніне орай тұрғын-үй сертификаттары беріледі

  • 157
  • UPD: 10:32, 12.04.2019

Нұр-Сұлтанда қала күніне орай тұрғын-үй сертификаттары табысталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана алуға бастапқы жарнаны төлеу үшін 1 млн теңгеден беріледі. Құзіретті мекемелер үміткерлердің тізімін дайындауды бастап кеткен. Қазірдің өзінде тұрғындардан 400-ге жуық өтініш түскен. Арнайы комиссия өтінім бергендердің төлем қабілетін тексеруде. Шарт бойынша үміткерлердің жинақтаушы шотында кем дегенде 1 млн теңге болу керек. Наурыз мерекесіне орай 100 адамға тұрғын-үй сертификаттары табысталған. Қалғандары өз кезегін күтуде. Жыл аяғына дейін әлеуметтік көмек ретінде осындай 2000 сертификат табыстау жоспарда бар. Ол үшін қала бюджетінен 2 млрд теңге қарастырылды. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмекті тек елордалық мамандар ғана ала алады. Дегенмен алдағы уақытта еліміздің әр аймағындағы дәрігер, мұғалім және тәртіп сақшысының өз миллионын алуға мүмкіндігі болады. Мамандар республика бойынша тұрғын-үй сертификаттарын табыстаудың ортақ механизмін әзірлеуді қолға алды. 

Данияр Балтин, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы:

– Әрбір жауапты мекеменің балл беруде өз талаптары бар. Сертификат алуға өтініш жазған адам алдын ала тізімге іліксе, мекеме ол адамның төлем мүмкіндіктерін тексеру үшін Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіне сұрау жібереді. Егер барлығы талапқа сай болса, үміткерге әлеуметтік көмек ретінде 1 млн теңгенің сертификаты табысталады. Қаржы шотқа аударылғаннан оған баспана іздеуге үш ай уақыт беріледі.

Хабар 24 телеарнасы