389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте ақ халаттылар науқасқа тегін қызмет үшін ақы алған

  • 589
  • UPD: 11:13, 12.04.2019
Шымкентте ақ халаттылар науқасқа тегін қызмет үшін ақы алған

Шымкентте жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген науқастың өміріне дәрігерлер немқұрайлы қараған, деп хабарлайды «Хабар 24».

№1 қалалық клиникалық ауруханаға түскен пациентке ақ халаттылар тегін көрсетілуі тиіс қызметке ақы алған, - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті өкілдері. Клиникалық ауруханадағы науқастардың шағымы бұл ғана емес. Ауруханада санитарлық жағдайдың да сын көтермейтінін белсенділер әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Дерті дендеген сырқаттарға төсек орынның нашарлығы, тіпті медициналық мекемеде өріп жүретін түрлі зиянкестерді улау жұмыстары да көз алдында жасалатынын айтып шағымданған. Осы мәселелер Шымкентте ресми сапармен жүрген Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаевамен өткен жиында да көтерілді. Вице-министр жергілікті денсаулық сақтау басқармасы басшылығына айтылған сыннан нәтиже шығаруды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы