379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде ҚХА кеңесінің сайлауға арналған кеңейтілген отырысы өткізілді

  • 95
  • UPD: 12:48, 12.04.2019

Еліміздің бірқатар өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің сайлауға арналған кеңейтілген кеңестері өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кеңес мүшелерімен қатар республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері шақырылды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы туған тілді, мәдениетті және ұлттық дәстүрлерді сақтау және дамыту бағытында еңбек етіп келеді. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында жетістіктер баршылық. Облыста тату-тәтті тұрмыс кешіп жатқан 80-нен астам ұлт өкілдері алдағы кезектен тыс президент сайлауында Ассамблеяның рөлі зор болмақ деген пікірде.

Илияр Мүтәліпов, ұйғыр этномәдени бірлестігі жастар қанатының жетекшісі:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылға жуық өзіміздің мемлекетіміздің тыныштығын, бірлігін сақтап келе жатыр. Кезектен тыс сайлау ол өте маңызды қадам деп есептеледі. Алда болатын президенттік сайлау – саяси науқан. Батыс Қазақстан жастары сайлауға үлесімізді қосамыз.

Хабар 24 телеарнасы