389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық жастар сайлауда белсенді болуға шақырды

  • 542
  • UPD: 14:22, 12.04.2019

Ертіс өңірінің жастары қатарластарын кезектен тыс президент сайлауында белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жасыл ел» жасақтарының белсенділері саяси науқанның маңыздылығын «Болашаққа сеніммен қадам жасайық!» тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында талқыға салды. Кездесуге жиналған азаматтар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңы турасында сөз қозғады. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 160 мыңнан астам жас азамат тұрады. Олардың екі мыңнан астамы «Жасыл ел» отрядтарының құрамында. Өңірдегі ірі бірлестіктердің мүшелері облыстың экологиялық мәселелерін шешуге атсалысып, қалалар мен аудандарда көріктендіру жұмыстарын жүргізеді. Өткен жылы «Жасыл ел» жасағы облыстық филиалы еліміздегі үздік штаб атанған.

Ақжан Наурызбек, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:

– Осы сайлаудан Қазақстанның әрбір азаматы қалыс қалмайды деп ойлаймын. Сол себепті барлық Қазақстан халқын сайлауға шақырамын. Себебі бұл сайлау – нақты шешім қабылдайтын сәт.

Хабар 24 телеарнасы