379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бұған дейін және қазіргі сәт». Маңғыстаулық жұмысшы жастар жаһандық челленджге үн қосты

  • 90
  • UPD: 15:41, 12.04.2019

Түпқарағандық жұмысшы жастар отандастарын «Бұған дейін және қазіргі сәт» деп аталатын жаһандық челленждге қатысуға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – елді мекен маңын күл-қоқыстан тазарту. Маңғыстау облысындағы аудан әкімдігі бастаманы қолдап, арнайы техника бөлді. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйым шараға қатысушыларды қажетті құрал-жабдықпен қамтыды. Бұдан шыққан нәтиже көз қуантады. Бірер сағатта Форт-Шевченко қаласының шетіндегі таудың етегі тұрмыстық қалдықтан арылды. Жиылған қоқыс жүк көлігімен арнайы орынға тасылды. Атқарылған жұмыстарды жастар смартфонға түсіріп, әлеуметтік желіге жарыса жүктеп жатыр.

Айдана Мұрат, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:

– Біз Түпқараған ауданының жұмысшы жастары үнемі сенбілікке шығып тұрамыз. Бүгін көріп тұрғандарыңыздай, Форт-Шевченко қаласының бір жерін таңдап, күл-қоқыстан тазалап жатырмыз. Осы жұмыстар арқылы отандастарымызды туған жерін қадірлеуге, тазалықты сақтауға шақырамыз. Алдағы уақытта келе жатқан сайлауға жастар түгелдей қатысамыз.

Кирилл Осин, ҮЕҰ директоры:

– Жаһандық челлендж адамзатты табиғатты аялауға шақырады. Ізгі шараға маңғыстаулық жастардың да қатысып отырғаны бізді қуантады. Олар көтерген тазалық мәселесі Жастар жылында облыс бойынша жүзеге асарына сенеміз. Жуық арада кезекті көрші аймақтарға жолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы