384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада республикалық ата-аналар форумы өтті

  • 562
  • UPD: 15:05, 12.04.2019
Елордада республикалық ата-аналар форумы өтті

«Білім-Инновация» және «Білім-Орда» қоғамдық қорларына қарасты мектептер мен лицейлерде қамқоршылық кеңестер құрылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы республикалық ата-аналар форумында айтылды. Сонымен қатар жиынға қатысушылар балаларды әлеуметтік жобаларға тарту, ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру сияқты мәселелерді талқылады. Ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысты арттыру жайы да тыс қалған жоқ. Ұйымдастырушылар енді мұндай басқосуды жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы