378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шақалақтың денесінен салмағы 1 келілік ісік операциямен алып тасталды

  • 101
  • UPD: 20:42, 12.04.2019

Дүниеге келгеніне небәрі 3 күн болған шақалаққа операция жасалды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері оның денесінен салмағы 1 келіден асатын, үлкен доптың көлеміндей ісікті алып тастаған.

Сегізкөз-құйымшақ  тератомасының  алып ісігі құрсақтағы балаға  19 апта болған кезде анықталған. Ісік нәрестенің денесімен бірге өсіп отырған. Ол 3 келі 818 грамм салмақпен туылғанда сегізкөз-құйымшағындағы ісіктің салмағы 1 келі 28 грамм болыпты. 

Константин Хаиров, педиатрия институты директордының хирургия бойынша  орынбасары:

- Елімізде жылына 15-ке жуық бала осындай ісікпен туылады. Яғни бұл бірінші жағдай емес. Бірақ жаңа туған шақалақта ісіктің осындай үлкен көлемде болуы алғаш рет.

Педиатрия орталығының білікті дәрігерлері  өмірге келгеніне бар жоғы 3 күн болған нәрестеге  күрделі операция жасады. Ісіктің өзінде үлкен қан тамырлары қарқынды жұмыс жасап тұрғандықтан операция 3 сағатқа созылған. Одан кейін 3 күн жан сақтау бөлімінде жатқан шақалақ қазір анасының қасында.

Константин Хаиров, педиатрия институты директордының хирургия бойынша  орынбасары:

- Баланың жағдайы  қалыпты. Қазір бала мен алып тасталған тератомаға талдау жасалып жатыр. Әдетте мұндай балалар ешбір ауытқусыз өмір сүріп кетеді. 

Бұл орталықта жылына 2200-ге жуық операция, оның 200-ден астамы жаңа туған нәрестелерге жасалады екен. Бүгінде шала туған  балалардың көзіне және жүрек ақауымен туған сәбилерге операциялар сәтті  жасалып келеді. Мұндағы онкология бөлімінің де  жетістіктері бар. 

Алмас Бердібеков, хирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Үлкен буын ісіктері кезінде, бұрын егерде тек ол ампутациямен аяқталатын болса, қазіргі таңда ол эндопротездеу операциялары жасалып жатыр, яғни жасанды протездерді қойылып жатыр, соңғы дәрежедегі, жетістіктердегі протездер.

Бала өмірін арашалап қалу жолында еңбек етіп жүрген дәрігерлер, ең  алдымен аналардың денсаулығына ден қою керектігін айтады. Әсіресе жүкті әйелдің алғашқы үш айда түрлі жұқпалы ауруларды жұқтырып алмағаны жөн. 

Авторлары: Алуа Маханбет, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы