377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар қаласында азот диоксиді орташа қалыптан асып кеткен

  • 75
Еліміздің бірқатар қаласында азот диоксиді орташа қалыптан асып кеткен

Соңғы жылдары еліміздегі ауа сапасының нашарлағаны байқалады.

Әсіресе, ірі қалаларда азот диоксиді орташа қалыптан асып кеткен. Ал бұл жүйке жүйесі мен жүрек-қан тамырларына әсер етіп, бас ауруы, өкпе обыры және тыныс алу ауруларының туындауына түрткі болады. Аталған мәселе елордада өткен жиында кеңінен талқыланды. Отандық және еуропалық мамандар ауа сапасын бақылауға қатысты халықаралық әдістерді қарастырды. Оның ішінде Еуропалық одақтың тәжірибесі айтылды. Сарапшылардың айтуынша, экологияны сақтау үшін бірер жобаны жүзеге асыру жеткіліксіз. Жұмыстар кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі керек.

Валтс Вилнитис, Wecoop жобалау топтамасының жетекшісі:

– Ауаның ластануы әлемнің барлық елінде байқалады. Тіпті Еуропаның өзінде бұл мәселе әлі түбегейлі шешілмеді. Бірақ осы бағытта бірқатар тиімді қадам жасалып жатыр. Сәйкесінше, нәтижесі де жақсы. Сондықтан біз өз тәжірибемізді Орталық Азия мамандарымен бөлісуді жөн көрдік.

Хабар 24 телеарнасы