384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПИК басшылары ТҮКШ мәселелері бойынша заң жобасына толықтырулар енгізуді сұрап отыр

  • 268
  • UPD: 07:59, 13.04.2019
ПИК басшылары ТҮКШ мәселелері бойынша заң жобасына толықтырулар енгізуді сұрап отыр

Меншік иелері бірлестігін құру үшін алдымен мамандар дайындау қажет.

Кадрлар арнайы курстардан өтіп немесе колледждерде білім алуы тиіс. Басқарушы компаниялар мен пәтер иелері кооперативтерінің басшылары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобасына осындай толықтырулар енгізуді сұрайды. Сонда ғана «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы жүйелі түрде жұмыс істейді деген сенімде. Бұл жайында қала әкімдігінде өткен жиында айтылды. Айта кетейік, осыған қатысты бірқатар өзеріс енгізілген заң жобасын мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Заң қабылданған жағдайда тұрғын үй шаруашылығын басқару жүйесінде кооперативтер болмайды. Оның орнына меншік иелерінің бірлестіктері құрылады. Онда әр үйді басқарудың жеке тәсілі қарастырылады. Ал ай сайынғы төлем меншік иелері бірлестігінің шотына жиналады.

Хабар 24 телеарнасы