379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырда көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

  • 167
  • UPD: 08:15, 13.04.2019

Байқоңырда 2 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның ішінде 535 қазақстандық азаматтың тең жартысы алдағы мамыр айында баспаналы болмақ. Қазір 50 пәтерлік 5 үй инженерлік желілерге қосылып, аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Республикада «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатқан аймақтың бірі – Қызылорда облысы десек, одан Ресейге жалға берілген Байқоңыр қаласы да шет қалмаған. Мемлекет қаржысына салынған арендалық үйлердің негізгі құрылысы бітіп, аулаға кірер жолдар мен ойын алаңдары салынып жатыр. 

Жалғас Сүйеубаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары:

– Республикалық бюджеттен 1 млрд 899 млн теңге, облыстан 1 млрд 808 мың теңге бөлінді. 32 млн электр желісіне, 69 млн канализация, ауызсу жүйесіне қосылу үшін бөлінді және де газдандыру, абаттандыру, телефонмен қамтамасыз ету 142 млн.

5 қабатты сәулетті 5 үй қазақстандық көгілдір отын арқылы жылытылады. Жаңа үйге қоныстанушылар ресейлік жылу тарату тарифінен бірнеше есе төмен бағада төлейтін болады. 

Жалғас Сүйеубаев, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары:

– РФ қарайтын жылу орталығына қосуды есептегенімізде жоба сметасы 380 млн теңгег үстінде. Ал автономды бу қазандығы құрылысы 128 млн жобасында.

Коммуналдық шығындардың арзандауы ол халық жағдайына тікелей әсер ететіні белгілі.

Қазақстандық тарап таяу уақытта тағы 3 қабатты 6 үйдің құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сол кезде Байқоңырдағы тұрғын үйге зәру Қазақстан азаматтары толық баспанамен қамтылады. 

Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов

Хабар 24 телеарнасы