379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кристиан Гроссе: Сайлау – тұрақтылық кепілі

  • 64
  • UPD: 08:35, 13.04.2019

Германияның іскер топ өкілдері де Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауды назардан тыс қалдырған жоқ.

Өйткені қазақ елі – Германияның Орталық Азия аймағындағы басты сауда-экономикалық серіктесі. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 900-ден аса компания тіркелген.

Кристиан Гроссе, «Либералды орта бизнес» бірлестігінің жетекшісі:

– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды тұрақты мемлекетке айналдырды. Әрине инвесторлар елдің болашағына алаңдайды. Осы ретте сайлау өткізу маңызды. Бұл – Қазақстан тұрақтылығын сақтап, демократия мен еркіндікті әрі қарай дамытып, шетел бизнесі мен инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасайтыны туралы белгі берудің мүмкіндігі.

Хабар 24 телеарнасы