378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда театр саласының қызметкерлері президент сайлауына қатысты жиын өткізді

  • 65
Алматыда театр саласының қызметкерлері президент сайлауына қатысты жиын өткізді

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясында Қазақстан театрлар қауымдастығының жиыны өтті.

Басқосуға өнер майталмандары мен театр басшылары қатысты. Жиында талқыланған негізгі мәселе – 9 маусымға белгіленген кезектен тыс президент сайлауы. Мәдениет саласының мамандары бұл сайлау халықтың ауызбіршілігін, елдің елдігін көрсететін саяси науқан болғалы тұр, сондықтан біз одан қалыс қалмауымыз керек, дейді.

Асхат Маемиров, ҚР театрлар қауымдастығының вице-президенті:

– Мемлекеттің ең басты құндылығы – тәуелсіздік. Сондықтан Елбасы салған сара жолмен әрі қарай осы мемлекеттің дамуына бәріміз бір кісідей қызмет етуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы