379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлге жаңа ұшақ қатынайтын болды

  • 127
  • UPD: 09:54, 13.04.2019

Айдынды Алакөлге жаңа ұшақ ұшатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қосымша әуе рейсі туристердің уақытын үнемдеп, оларға жол азабын тартқызбайды. Әуе кемесі алғаш рет Талдықорғаннан Үшаралға жолаушы тасымалдады.

Алматы облысының әуе компаниясы қаңтар айында қос ұшақпен толыққан болатын. Чехияда құрастырылған әуе кемесін тізгіндеу үшін инженерлік құрам екі айлық дайындықтан өтті.

Саяхатшылар үшін билет құнының 30 пайызы субсидияланған. Яғни Алматы – Үшарал бағытында – 10 мың, ал Талдықорған -Үшарал бағыты – 6 мың теңге.

Азат Жұмахан, Талдықорған қаласының тұрғыны:

– Ең тиімділігі, осы ұшақтың жеңіл көтерілгендігі. Мен Қазақстан қалалары арасында көп ұшамын. Мұндай жеңіл ұшақпен бірінші рет ұшып отырмын. Барлығы жақсы.

Әнет Омарханұлы, Үшарал қаласының тұрғыны:

– Алғашқы рет жаңа ұшақпен ұшып жатырмыз. Қуанышты жағдай. Жақсы әсер алып жатырмыз. Уақытымыз үнемделді.

Ерджи Нойбург, ұшқыш, экспериментолог:

– Барлығы жақсы өтті. Жеңіл көтеріліп, жұмсақ қонды. Тәжірбиелі ұшқыш командир барлығын дұрыс жасады. Біз ұшақты басқаруды одан әрі үйренуіне көмектесеміз.

Енді бұл әуе кемесі Астана, Алматы - Үшарал, және Талдықорған бағытында аптасына үш рет қатынайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы