379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та өткен жастар форумында Қазақстандағы жастарға көрсетілетін қолдау туралы сөз етілді

  • 72
АҚШ-та өткен жастар форумында Қазақстандағы жастарға көрсетілетін қолдау туралы сөз етілді

Нью-Йоркте БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің дүниежүзілік жастар форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жұмысына қазақстандық делегация да қатысты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Асхат Оралов өз баяндамасында Қазақстанда жастарға мемлекет жағынан қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді. Биылғы форум «Жастар теңдігі және қоғамдағы рөлін күшейту» тақырыбына арналған. 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланып, оның аясында Жол картасы бекітілген болатын.

Асхат Оралов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы:

– Әлемнің жүзден аса мемлекет өкілдері келіп, жастар саясаты мәселелерін талқылады. Екі күннің аясында біз де Қазақстанда атқарылып келе жатқан жобаларды, нақты іс-шараларды, бағдарламаларды мыңнан аса делегатқа түсінікті тілмен жеткіземіз дегее ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы