389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртауда ерекше кітаптар көрмесі ашылды

  • 782
  • UPD: 11:46, 13.04.2019
Теміртауда ерекше кітаптар көрмесі ашылды

Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында ерекше кітаптар көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экспозиция «Фаренгейт бойынша 61 градус» деп аталады. Дәл осы температурада кітаптар ұзақ сақталады. Көрермендерге 18-19 ғасырларда жарық көрген фолианттар ұсынылды. Неміс және поляк тілдеріндегі діни әдебиетті мұражай қорына қоныс аударушылардың отбасылары табыс еткен. 1908 жылы шығарылған тригонометрия оқулығы ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда оны математика пәнінің мұғалімі қолмен жазып ,содан кейін факсимильдің көмегімен көбейтілген. Көрмеде ұсынылған тағы ерекше бір кітап бірнеше жыл жергілікті ғалымдардың дауын тудырған екен. Оқулық араб тілінде жазылған, және ұзақ уақыт бойы мамандар бұл туындыны Құран кітабынан үзінді деп болжаған.

Татьяна Хмелева, Теміртау қаласы тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:

– Бұл кітапты біздің қала имамының көмекшісі сыйға тартты. Сөйтсек Құран кітабы емес екен. Бірақ мұсылмандардың әдет-ғұрыптары мен негізгі әрекеттерін түсіндіретін діни кітап.

Хабар 24 телеарнасы