379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік полицейлер жыл басынан планшет арқылы 23 мыңнан астам құжат рәсімдеген

  • 67
Өскемендік полицейлер жыл басынан планшет арқылы 23 мыңнан астам құжат рәсімдеген

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы тәртіп сақшыларының жұмысын жетілдіріп, тұрғындардың уақытын үнемдеуге септігін тигізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құқық бұзушылық хаттамаларын планшетте толтырып жүрген өскемендік тәртіп сақшылары осылай дейді. Сандық форматқа өту арқылы қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін азаматтар қағазбастылықтан арыла бастады. Бүгінгі күні облыс орталығындағы жол патрульдік қызметкерлерінің қолында жалпы 100-ден астам планшет бар. Жыл басынан бері дәл осы құрал көмегімен 23 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық деректері бойынша құжат рәсімделген.

Шалқар Заманбеков, қалалық жол-патрульдік полиция батальоны штабының бастығы:

– Электронды планшетке полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке сәйкестендіру нөмірі және мемлекеттік нөмірін енгізеді. Бұл деректер енгізілгеннен кейін құқық бұзушының толық деректемесі, аты-жөні, тұрғылықты жері және бұдан да бұрын салынған әкімшілік құқықбұзушылық туралы және де көлік құралына тыйым салынғаны немесе салынбағаны туралы ақпарат шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы