389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамандар: Жайық өзенінде балықтың қырылуын кешенді түрде зерттеу қажет

  • 402
Мамандар: Жайық өзенінде балықтың қырылуын кешенді түрде зерттеу қажет

Жайық өзенінде балықтың қырылуын кешенді түрде зерттеу қажет. Атырауда Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновпен болған жүздесуде қоғамдық ұйымдар мен балық шаруашылығының мамандары өз ойларын ортаға салды.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы желтоқсан айында Атырау облысында 135 жарым тонна балық қырылып қалған болатын. Су маржандарының не себептен өлгені туралы әлі күнге нақты мәлімет жоқ. Себебі тергеу-тексеру шарлары баяу жүруде. 

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

– Қазіргі кезде бақылаушы органдар тексеру жүргізу үшін міндетті түрде прокуратураның рұқсатын алу керек. Ал оған бірнеше күн уақыт кетеді. Мынадай төтенше жағдайлар қалыптасқан кезде, балықтардың жаппай қырылуы орын алған кезде бақылаушы органдар тез арада тергеуге кірісуі қажет.

Хабар 24 телеарнасы