389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық қоғамдық ұйымдар сайлауға белсенді атсалыспақ

  • 322
Қостанайлық қоғамдық ұйымдар сайлауға белсенді атсалыспақ

Қостанай облысында 600-ден астам үкіметтік емес ұйым бар.

Бүгінде сол азаматтық сектордың белсенділігі жоғары. Алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты алғашқы үн қатқандардың бірі де – осы қоғамдық ұйымдар. Олар аймақ орталығында бас қосып, маңызды саяси шара қарсаңында атқаратын жұмыстарын пысықтады.

Динара Өтебаева, облыстық азаматтық альянстың төрайымы:

– Біз халықпен жиі жүздесіп, тығыз байланыста жұмыс істейміз. Сондықтан бұл сайлаудың еліміз, жұртымыз үшін маңыздылығы жоғары екендігін үкіметтік емес ұйымдар көпке жеткізіп, түсіндіре алады деп ойлаймын. Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір екеніміз осы кезеңде айқын көрініс табуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы