379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде мектеп пен аурухана басшылары жаппай бірінші қабатқа көшуде

  • 75
  • UPD: 15:48, 13.04.2019

Ақтөбеде мектеп директорлары мен аурухананың бас дәрігерлері жаппай бірінші қабатқа көшіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – басшылардың қоғаммен байланысын арттырып, ашық қызмет көрсету. Күні бүгінге дейін облыс бойынша 279 мектеп директоры төменгі қабатқа түскен.

Директордың бұрыңғы кабинетінде бірінші сынып оқушылары сабақ оқиды. Кіре берістегі хатшы отырған кабинетті психолог маманға берген. Директор Бақытбек Ержанов алғашқылардың бірі болып төменгі қабатқа түсті.

Бірінші қабаттағы кабинетінің қабырғасы тұтас әйнектен жасалған. Директорды іздегендер бірден табады. «Бұрыңғы кабинетімдей кең болмаса да, барлық жағынан ыңғайлы», –дейді. Әйнектің ар жағынан бақылау өз алдына, бейнебақылау жүйесі арқылы да жан-жақты көріп отырады.

Бақытбек Ержанов, №35 орта мектеп директоры:

– Балалардың қауіпсіздігі – бірінші мәселе. Баланың мектепке келген-кеткенін бақылап отырамыз. Көп жағдайларда таспамен тексеріп, қарап отырамыз.

Тек мектеп директорлары емес, емхана, ауруханалардың бас дәрігерлері де заттарын буып-түйіп, көшуге дайын отыр. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының басшысы Ерлан Сұлтангереев енді бірінші қабаттағы кабинетте қабылдайды. Айтуынша, күніне 10-15 адам дәрігерден кеңес алуға келеді.

Облыс мектептерінің 70 пайызында, қала мектептерінің тең жартысында қабылдау бөлмесі бірінші қабатқа көшірілді. Қалғандарында дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Ақансері Сұлтанбеков, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары:

– Аудан әкімдерін бірінші қабатқа, әйнектен жасалған кабинетке түсіруді бастап кеттік. Мысалы, Алға, Шалқар ауданында, Ақтөбе қаласының Алматы ауданында осындай кабинеттер ашылды. Бұдан басқа, Темір және басқа аудандарда ашылу жоспарланып отыр.

Аудан басшылары да тұрғындарды кедергісіз кабинетте қабылдаулары тиіс. Біріншіден, мемлекеттік қызмет қолжетімді болады. Екіншіден, жемқорлықпен күресудің бір жолы осы.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы