377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық жасотандықтар тазалық эстафетасын бастады

  • 101
  • UPD: 15:21, 13.04.2019
Елордалық жасотандықтар тазалық эстафетасын бастады

Елордалық жасотандықтар Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан Әлия Молдағұлованың рухына тәу етіп, ескерткіш маңында сенбілік ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара Жеңіс күніне дейін әр сенбі сайын жалғасатын болады. Батырлардың атына берілген даңғылдар мен саябақтарды тазалап, айналасына көшеттер егу көзделіп отыр. Тазалық эстафетасы өзге өңірлерге жолданды.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

– Бүгін біз Нұр-Сұлтан қаласынан Жамбыл облысына эстафетаны жолдадық  Қаһармандардың құрметіне үлкен даңғылдарда, саябақтарда сенбілік жасап, қаһармандарға тағзым етеміз.

Хабар 24 телеарнасы