378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісулық ғалымдар: Сайлау нәтижесі Орталық Азиядағы тұрақтылыққа ықпал етпек

  • 74
  • UPD: 15:47, 13.04.2019

Қазақстан – тұрақты дамып келе жатқан әрі татулықты ту еткен мемлекет.

Сондықтан кезектен тыс президент сайлауы көршілес елдерге де әсер етеді. Өйткені, бауырлас халықтардың ежелден өзара байланысы бекем. Одан бөлек, 5 мемлекетпен шектесетін еліміздің күре жолдары арқылы тауар тасымалданады. Яғни шығыс пен батысты жалғаған үлкен көлік логистикасы бар. Осыған орай Қазақстандағы тұрақтылық Орталық Азия мемлекеттеріне ықпал етеді, дейді жетісулық ғалымдар.  

Амангелді Кәтенов, тарих ғылымдарының кандидаты:

– Қазақстандағы сайлау әлемдік қауымдастықтың назарын аударып отыр. Бұл біздің елдің абыройының артқандығын білдіреді. Экономикалық саяси мәдени байланысымыздың мығым екенін көрсетеді. Біздің елде тұрақтылық болса, өзге елдерде де сақталатыны белгілі.

Хабар 24 телеарнасы