379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хусейин Бағжы: Сайлау – Қазақстан үшін қабылданған маңызы зор шешім

  • 124
  • UPD: 15:46, 13.04.2019

Кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама алыс жақын шетелдерде де қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрік зиялы қауым өкілдері мен зерттеу орталықтарының сарапшылары еліміздегі саяси науқан жайлы өз пікірін білдірді. Түркияның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Таяу Шығыс Университетінің деканы, профессор Хусейин Бағжы мерзімінен бұрын өтетін саяси доданы, Қазақстан үшін қабылданған маңызы зор тарихи шешім деп атады.

Хусейин Бағжы, Таяу Шығыс университеті халықаралық қатынастар факультетінің деканы:

– Ұлы көшбасшылар - ұлы шешімдерді қабылдайды. Қазақстанда өтетін сайлау – билік пен халықтың бір-біріне деген сенімінің дәлелі. Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін  Қазақстан 27 жылда саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайы, елдің демократиялық тұрғыдан жетілгендігін көрсетті. Президенттің бірқатар өкілеттілігі парламентке өтті. Алдағы сайлау – елдің жарқын келешегі үшін жасалған ұзақ мерзімді жоспардың бір бөлшегі. Мұның жүзеге асатындығына еш күмәнім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы