377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «100 жаңа есім» жеңімпаздарының қатысуымен зияткерлік конференция өтті

  • 75
Елордада «100 жаңа есім» жеңімпаздарының қатысуымен зияткерлік конференция өтті

Небәрі 6 минут ішінде тың идеяны көпшілікке таныстыруға болады.

Елордада ерекше зияткерлік конференция өтті. Оған «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатысып, ойларын ортаға салды. Жапондық үлгідегі шарада сөз алғандар 20 секундтан тұратын 20 слайд арқылы өз жобаларын таныстырып шықты. Аз сөз, көп мәнге ие шара енді әр айдың 20-сы күні тұрақты түрде өткізілетін болады.

Нұрлан Досымов, жоба ұйымдастырушысы:

– Бұл жоба 2004 жылы Жапонияда бастау алған. Pecha Kucha жапон тілінен аударғанда «бос сөз» дегенді білдіреді. Бірақ біз бос сөйлемейміз. Кәдімгі зияткерлік ой бөлісу қалыптасып келеді. Түрлі тақырыпты талдау алаңы. Елімізде бұл жобаның қолға алынғанына 5 жыл болды.

Хабар 24 телеарнасы