377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 392
  • UPD: 16:12, 13.04.2019
Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды vchasnoua.com

Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 15-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 16 сәуірде Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман, найзағай, көктайғақ күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша 14-15 сәуірде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 14-16 сәуірде Ақмола, Павлодар облыстарында, 15-16 сәуірде Қарағанды облысында ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 аязға, күндіз 2-7 жылыға дейін төмендейді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Хабар 24 телеарнасы