389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық студенттер қара сабынның жаңа құрамын жасады

  • 562
  • UPD: 18:06, 13.04.2019
Қарағандылық студенттер қара сабынның жаңа құрамын жасады

Қарағандылық студенттер кәдімгі қара сабынның құрамын қайта жасап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ дәрігер Ыбырай Дәулет оған қойдың майы мен шөптің күлін қосады. Студенттің айтуынша, ерте заманда бабаларымыз сабынды дәл осы рецептпен қайнатқан. Шикізатты қазақ даласынан табу қиын емес, - дейді Дәулет. Органикалық сабынға сонымен қатар сексеуіл, адыраспан мен көкпек қосылады. Бұл өсімдіктердің құрамында сабынға қажетті көбік бар. Ал қара сабын емдік қасиетімен танымал. Студенттер енді сабынды дайындау технологиясын жетілдіріп, патенттеп, өндіріске шығаруды көздеп отыр.

Ыбырай Дәулет, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеттің студенті:

- Басты мақсат - ескі рецепті сақтап қалу. Бұл ретте бірнеше рецепті таңдап алып, өзімнің технологиямды қосып, жаңа құрам ойлап таптым. Сонымен қатар біз университетте бұл сабынның теріге берер әсерін зерттейміз. Қара сабынның неше түрлі тері ауруларына ем болатыны сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы