384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үштөбе ауылының тұрғындары сенбілік өткізді

  • 893
  • UPD: 22:49, 13.04.2019

Үштөбе ауылының тұрғындары да бүгін сенбілік өткізді. Қарағанды қаласының іргесіндегі елді мекен тұрғындары тазалық шарасына тайлы-тұяғы қалмай, түгел қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдарына күрек, сыпырғы алып, ауыл ішін қыстан қалған қоқыстан аршыды. Қазір мұнда 5 мыңға жуық адам тұрады. Оларға сенбілік өтетіні туралы әлеуметтік желі арқылы хабарланған. Тұрғындар игі бастаманы бірден қолдады. Бұған қоса, ауыл жастары жақын маңда жол салып жатқан компаниялармен келісіп, қиыршықтас сұрап алған. Осылайша, ауыл ішінің жолдарын өз күштерімен тегістеп, жөндеп жатыр.

Жандос Нығман, Үштөбе ауылының тұрғыны:

Ислам дінінде тазалық бес түрге бөлінеді екен. Ең бірінші жүрек тазалығы, екінші ой тазалығы, үшінші тіл тазалығы, төртінші дене тазалығы және бесінші адамның өзінің тұратын ауласы, маңайын таза ұстау. Осы нәрсені біз алдыға ұстап, мамыр айында Рамазан айы басталады, соған дейін ауылымыздың тазалығына үлкен көңіл бөліп, соған ақсақалдарымызды, жастарымызды жұмылдырып, осындай шаруаны бастап жатырмыз.

Сәуле Артықбаева, Үштөбе ауылының тұрғыны:

- Мен бұл ауылда 22 жыл өмір сүремін. Әрине, ауылдың тазалығы біз үшін өте маңызды. Өйткені ауылдың келбеті ол біздің бет-аузымыз, бет-келбетіміз ғой деп мен ойлаймын. Ал жалпы біздің ауылдың жастары өте белсенді. Белсенділіктерін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы