389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денис Кузин халықаралық додада тағы топ жаруды мақсат етіп отыр

  • 700
  • UPD: 22:49, 13.04.2019

Конькимен жүгіруден Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Денис Кузин халықаралық додада тағы топ жаруды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір ол елордада өтетін әлем кубогы жарысына қызу дайындық үстінде. Жастайынан спортты жанына серік еткен жігерлі жігіттің ауыр жарақат алған кезі де болды. Сынған иығы әлі де сыр береді. Дәрігерлер үшініші рет операция жасау қажеттігін айтыпты. Бірақ Денис спорттан қол үзгісі жоқ. Міне, осындай қайсар рухты жігіттің Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасына енгізілуі орынды дерсіз. «Мұндай мәртебе маған үлкен міндеттер жүктеп, жаңа жеңістерге жетелейді», - дейді даңқты конькиші.

Денис Кузин, конькимен жүгіруден әлем чемпионы:

- Қазақстанның «100 жаңа есімі» тізіміне кіруім бір жағынан ынталандырады, бір жағынан жауапкершілік жүктейді. Мен тек қана талап-ынта табысқа бастайтындығын, ерік-жігер жеңіске жетелейтіндігін өз тәжірибемде көпшілікке көрсеткім келеді.

Хабар 24 телеарнасы