389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада оқушылар арасында КТЛ ойындарының финалы өтті

  • 427
  • UPD: 23:10, 13.04.2019
Елордада оқушылар арасында КТЛ ойындарының финалы өтті

Оқушылар арасындағы республикалық көңілді тапқырлар лигасы ойындарында «Семей БИЛ» командасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны «Білім-Инновация» және «Білім-Орда» халықаралық қорлары жастар жылына орай ұйымдастырды. Оған әр өңірден 35 команда қатысты. Соның тек алтауы ақтық кезеңге жолдама алып, елордада өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алған.

Ержан Әубәкіров, «Нұр Орда» мектеп-лицейінің директоры:

- «Білім-иноовация» лицейлері қазір Қазақстанда білім беру нарығында алдағы орында. Оқушылары Назарбаев университеті болсын, жалпы әлемдегі университеттерде болсын жақсы нәтиже көрсетіп, жақсы дәрежелерге ие болады. Бірақ біз біліммен қоса балалардың әлеуетін дамытып, шығармашылығын дамытқымыз келеді. Міне, осы мақсатта ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы