377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе іргесіндегі шағын аудан халқының саны алты есе артады

  • 124
  • UPD: 15:26, 14.04.2019

Ақтөбе қаласының іргесіндегі «Нұр –Ақтөбе» шағын ауданына 7 жылда 50 мың адам қоныстанды.

2030 жылға дейін тұрғындар саны 6 есеге өседі деген жоспар бар. Ауданның автономды жылу қазандығы және электр стансасы бар. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің сапасын «Нұр Отан» партиясының мүшелері жиі тексеріп тұрады. Партияның «Құтты мекен» жобасы инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

«Нұр-Ақтөбе» шағын ауданындағы 9 қабатты үйдің құрылысы былтыр басталды. Биыл тамыз айында тапсырылуы тиіс. Сол кезде 265 ақтөбелік отбасы баспаналы болады. Құрылысқа тек отандық материалдар пайдаланылып жатыр. Мердігер компания өкілінің айтуынша, кірпіш жетпей қалатын кездер болады. Құрылыс индустриясы дамып, сұраныс көбейген  сайын, кірпіш бағасы да шарықтап кеткен.

Сапарғали Жұмағалиев, учаске бастығы:

- Материал бізде, шамалы ғана кірпіштен қиындау болып тұр. Кірпіш қалаудан сегізінші қабатты бітіріп, тоғызыншы қабатқа көштік. Ішіндегі сылақ, тоқ, сантехникалық жұмыстар ішінде жүріп жатыр. Бүгіндікке қазір жұмысшылар 115 жұмысшы осы жерде істеп жатқан. Техника жеткілікті. 

«Нұротандықтар» құрылысты аралап көріп, мердігердің талап-тілегін тыңдады. Арендалық үй мезгілінде тапсырылуы үшін жан-жақты қолдау болатынын жеткізді.

Мұратбай Әжібаев,  қалалық мәслихат депутаты:

- Қазіргі таңда салынып жатқан нысандар қанағаттандырып тұр. Мына негізгі мердігерлер тек қана уақытында, мемлекеттен түсетін қаржы уақытында түспей жатқанын айтып жатыр бізге. Мемлекеттен ақша уақытында түссе құрылыстың бітуіне 3-4 ай уақыт қалды. Сол қаржы уақытында түссе, мердігер де үйді уақытында бітіріп, күтіп жатқан халыққа тапсырар еді. 

 «Нұр-Ақтөбе» қалашығы 300 мың тұрғынға арналған. 2030 жылға дейін тұрғындар саны 6 есеге өседі. Осы орайда партияның «Құтты мекен» жобасы халық саны көп ауылдар мен аудандарды дамытуға бағытталған. Алдымен, инженерлік инфрақұрылымы жүргізіліп, қажетті әлеуеметтік нысандар салынады.  Елбасы бастамасымен жасалған жоба сәтті іске асқан кезде 7,5 мың елді-мекен тұрғындарының жағдайы жасалады.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Айбек Дәуітов

Хабар 24 телеарнасы