377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарды көріктендіру жұмыстары қолға алынды

  • 98
  • UPD: 15:12, 14.04.2019
Павлодарды көріктендіру жұмыстары қолға алынды

Облыс орталығындағы жүргінші жолдар мен аула-ішілік аумақтар реттеліп жатыр. Бұл игілікке бюджеттен 700 млн теңге бөлінді.

Биылғы жылы қаланың ағаш қорын дамытуға баса назар аударылуда. Бүгінде 17 саябақ пен скверді қалыпқа келтіруге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл бағыттағы жобалар шеңберінде жаңа демалыс орындары бой көтереді. Әлеуметтік мекемелердің аумағын көріктендіру жұмыстары да бастау алмақ. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс орталығында абаттандыру айлығы басталды.

Олжас Баймақов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Қала тұрғындары үшін жаңа демалыс орындары пайда болады. Аула және өзге аумақтар абаттандырылады. Тротуарлы жолдар, ыңғайлы орындықтар қарастырылған. Бұл аумақтарды түнгі уақытта жанатын кеспетастар төселмек. Шағын сәулеттік формаларды орнату да жоспарда бар.

Юрий Максимов, учаске бастығы:

- Балабақша, мектептердің аумақтарын ретке келтіріп жатырмыз. Кіреберіс жолдар кеңейтіліп, автотұрақтар салынады. Қазіргі уақытта 10 орта мектеп пен 18 балабақшаның аумағын абаттандырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы