Елордада ертең дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамы бойынша Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күрт төмендейді.
«Нұр-Сұлтанда 15 сәуір күні жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауады. Найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы 3-5 градус жылы, күндіз әрі қарай төмендейді», - делінген баспасөз мәліметінде.