379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гүлжан Сәрсенбаева: Бұл жеңісімді ата-аналардың алғысы деп қабылдадым

  • 86
  • UPD: 19:30, 14.04.2019

Гүлжан Сәрсенбаева - жүрегінде ақауы бар балалардың өміріне араша түсіп жүрген жандардың бірі.

Мамандығына деген адалдығының арқасында 2018 жылы Алматы қаласы бойынша «Ең үздік балалар дәрігері» атанды. Сосын Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды. Білікті кардиохирургпен «Хабар 24» тілшісі кездесті.

«Болашақ» бағдарламасымен Мәскеуде білімін жетілдіріп келген кардиохирург мыңдаған баланың жүрегін сақтап қалу үшін операция жасаған. Сонымен қатар ультрадыбыстық диагностиканы да жақсы меңгерген. Сондықтан болар, кәсіби маманға еліміздің «100 жаңа есім» жобасында 10 мыңнан астам адам дауыс берген.

Гүлжан Сәрсенбаева, кардиохирург:

Бұл жобаға мені «Болашақ» бағдарламасымен бірге оқыған достарым ұсыныпты. Алғашында «100 жаңа есім» жобасы жайында білмедім. Кішкентай науқастарымның ата-аналары келіп, «біз сізге дауыс бердік» дегенде өзім де таң қалдым. Сондықтан бұл жеңісімді ата-аналардың алғысы деп қабылдадым.

Жаңа туған нәрестенің жүрегіне күрделі операция жасап жүрген кардиохирург бүгінде Педиатрия орталығының ғылыми бөліміне жетекшілік етеді. Бұл ұжым, қазіргі таңда облыс аймақтарды аралап, оқушылардың физикалық және психоэмоционалдық жағдайларын зерттеп жүр.

Гүлжан Сәрсенбаева, кардиохирург:

- Екі жылға созылған зерттеу нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары арасында көздің көруі нашарлап, сөмкелері ауыр болғандықтан, баланың омыртқасына зиян келгені және сыныпта бала санынынң көптігі салдарынан сабақ арасында бұрынғыдай жаттығу жасалмайтыны белгілі болды. Бұған тамақ мәселесін қосыңыз. Осы мәліметтердің барлығын жинап, біз жыл соңында Білім және ғылыми министрлігіне өз ұсынысымызды дайындайтын боламыз.

Бұдан бөлек, тағы бірнеше ғылыми жобаларға қатысып жүрген Гүлжан Ескендірқызы алдағы уақытта докторлық диссертациясын қорғамақ. «Себебі, медицина ғылымын дамытқанда ғана, баланы аман алып қалу мүмкіндігі жоға болмақ», - дейді, дәрігер.

Авторлары: Алуа Маханбет, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы