379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық бірлестік өкілі: Халық тілегі - тыныштық пен бірлік

  • 73
  • UPD: 20:36, 14.04.2019

Қазақстанның байлығы кеніштері емес, оның халқының береке-бірлігі.

Семейлік «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лилия Гончарук кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім елдің тұрақты дамуының кепілі деп есептейді. Ол әр қазақстандық осы науқанға белсене әрі жауапкершілікпен қатысады деген үмітте.

Лилия Гончарук, ШҚО «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

- Бүгін кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешім туралы үндеуді естіп, бұл өте маңызды әрі орынды деген ойға келдім. Тұрақты әрі бейбіт жолмен дамып келе жатқан мемлекет ретінде Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі жоғары. Ендеше демократиялық жолмен президент сайлауын өткізу - бұл абыройымызды одан әрі нығайта түсу үшін қажет. Халыққа керегі тыныштық пен бірлік.

Хабар 24 телеарнасы