379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Билікті тапсыру процесі тұрақтылыққа негізделген - сарапшы

  • 86
  • UPD: 21:54, 14.04.2019

Қазақстанда билікті тапсыру процесі тұрақты және заңды түрде өтіп жатыр.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев осылай дейді. Сарапшы Сеулдегі Хангук шет тілдері университетінің Орталық Азия кафедрасында дәріс оқыды. Сарапшы Қазақстандағы билік транзиті Корея Республикасымен арадағы экономикалық және саяси қатынастарға әсер етпейтініне сенімді.

Санат Көшкімбаев,Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Билікті тапсыру процесі тұрақтылыққа негізделген. Біз соны шетелдік инвесторларға көрсеттік. Әрине, Қазақстанның барлық міндеттемелері, сыртқы серіктестерімен жасаған келісімдері сөзсіз сақталады. Сондықтан шетелдік инвесторлар үшін аландауға негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы