389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент іргесіндегі шағын аудандардың мәселелері 2023 жылы толығымен шешімін таппақ

  • 472
  • UPD: 08:09, 15.04.2019

Шымкенттің іргесіндегі мөлтек және шағын аудандардың инфрақұрылымы 2023 жылы толығымен шешімін табады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мегаполисті дамыту үшін шаһар билігі кешенді жоспар әзірлеген. Бүгінде Түркістан облысынан қала аумағына қосылған 41 елді мекен бар. Олардың көбінде әлі күнге дейін ауызсу, жарық, көгілдір отын мен тіпті қатынас үшін көше-жолдар жоқтың қасы. Елді мекен өркениет көшіне ілессек дейді. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының сьезінде жаңа Үкіметке ауылдық жерлерге тұрғын үй, жол салып, коммуникация тарту қажеттігін тапсырған болатын. Осыдан соң шаһардың шеткі аймағында орналасқан «Солтүстік саяжай», «Ынтымақ», «Тұран», «Айкөл» сынды бірнеше елді мекендердің  халқы Елбасы сөзінен соң сең қозғалды дейді. Көп жылдардан бері қордаланып коммуналдық мәселелері шешімін таппай келе жатқан шағын аудан тұрғындары ең әуелі бізге қатынас үшін жол қажет. Шағын ауданда әсіресе батпақты көшемен үлкен жолға шығу мектепке баратын оқушыларға қиын. Мұндағы жұрт «бас ауырып, балтыры сыздаса» жедел жәрдем үй маңайына жете алмайтын көрінеді. Сосын бұл маңда таза ауызсу тапшы. Миллионды шаһар жұртшылығы мен жүздескен жергілікті билік алдағы 3-4 жылда барлық мәселенің шешімін табатындығын айтады.

Нұрлан Жаманкөз, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы:

– Шалғайдағы елді мекендерді 2023 жылға дейін жүз пайыз су, жарық, газбен қамтамасыз етеміз. Қазір ауызсумен 93 пайыз қамтылған. Соның ішінде 8 елді мекенде су жүйесі мүлдем жоқ. 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы